Эмине Эрдоган №4 мектепте
108 жылдық тарихы бар Астана қаласы №4 мектеп-гимназиясы Қазақстандағы ескі мектептердің бірі. Қазіргі таңда мектепте 1800 оқушы бар. Астана қаласының Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 2010-2011 оқу жылынан бері «Шебердің қолы алтын» атты жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - түбі бір түркі халқының кең түрде таралған сәндік қолданбалы қол-өнерін тігін, терме, гобелен және тоқыма сияқты түрлерін насихаттау және балаларға үйрету болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында белгіленген қосарлы, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыруға және келешекте жастардың техникалық білім алуға мүмкіндік беретін Ләззат Атыбайдың жетекшілік ететін «Шебердің қолы алтын» жобасы бойынша ашылған шеберханаға Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) техникалық қолдау көрсетті. Осы жоба бойынша оқушыларға қол-өнерін, тігін, тоқыма үйрететін аталмыш мектеп-гимназиясы оқытушыларына Түркияның Стамбул қаласында TİKA-ның ұйымдастыруымен екі апталық біліктілік арттыру курсы жасалды.
Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған кезде оны ең алғаш таныған мемлекет Түркия Республикасы болатын. Бүгінгі таңда сол кезден бастап нығайған ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасып, 2015 жылдың 16 сәуір күні Астанаға президент болып сайланғалы алғашқы ресми сапарымен Түркия Республикасы президенті Режеп Ердоған келді. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары барысында Түркияның Бірінші ханымы Эмине Ердоған Астана қаласы №4 мектеп-гимназиясына келді. Жоғары мәртебелі қонақтарды мектеп оқушылары шынайы ашық көңілдерімен қарсы алып, діні бір, тілі жақын ел ханымының ақжарқын жылы жүзінен бүкіл Түрік халқының ризашылығын көргендей болды.
Эмине ханым мектептің «Шебердің қолы алтын» атты жобасымен, оқушылардың қол өнер туындыларымен танысты. Астана қаласы №4 мектеп-гимназиясы директоры Б. С. Сыздыкова білім ошағына арнайы сапары және мектеп-гимназия шеберханасына Түркия үкіметінің көрсеткен қолдауы үшін Бірінші ханымға алғысын білдіріп, шеберхана оқушысы жасаған қолөнер туындысын тарту етті. Шеберхана қызметімен танысу барысында Эмине Ердоған ханым оқушылардың қолөнер көрмесіне қызығушылық танытып, сыйлықтарын тарту етті. Сондай-ақ Эмине Ердоған ханым мектеп-гимназия ұжымының дайындаған қазақ ұлттық тағамдарының дәмін татты. Концерт залында шағын концертті тамашалады.
Ченыбаева Зульфия, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии