Мектепішілік "Жайдарман-2015" КТК
17 сәуір күні мектепте мектепішілік КТК ойындары болып өтті. Ойын мектепішілік көңілділер мен тапқырлар клубына іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Көңілді тапқырлар клубынан құралған оқушылар бұл кеште бар өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырушы Тулегенова Данар кеш шымылдығын ашып, сайыс бағдарламасымен таныстырды. Ол мынандай бөлімнен тұрды. Сәлемдесу және бес жаңалық. Ойынға "Жастар", "ЭКСПО", "ТРИО" командалары ортаға шақырылды. КТК ойындарына оқушылар ерекше көңіл күймен, бар ынталарымен дайындалғандары көрініп тұрды. Сайыскерлер барлық бөлімерден сүрінбей өтті. Сайысқа қатысушы ,қолдаушы жанкүйерлер де аз болмады. Бөлімдер бойынша сайыс аяқталған соң 9 сынып оқушыларынан құралған әділ- қазы алқалары алдыңғы КТК ойыншы майталмандары Кэлс Аружан мен Серікова Мадинажәне ұстаздар атынан Молдалиева Жанар Шүкірәлиқызы бас жүлде иегері деп "Жастар" командасын мақтау қағазымен марапаттады.Алда болатын қалалық 1/8 финалына біздің мектеп ішінен құрылған "Нағыз қазақтар" командасымен бірге ойнауға осы команда жолдама алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии