2015 жылдың 15 сәуір күні мектебімізге медицина-әлеуметтік оңалту орталығынан дәрігер-нарколог Койшибеков Токтар Толеуханұлы балаларға ішімдік пен нашақорлықтың соның ішінде шылым шегу, насыбай ату осы сияқты зиянды заттардың адам өміріне қаншалықты қауіпі туралы әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында тарихпен ұштастыра отырып, бүгінгі күнге қалай жеткенімізді, болашақты қалай құратынымызды айтып, оқушыларды салауатты өмір сүруге шақырды. Әр сөзін мысалмен дәлелдеп, немқұрайлық танытып отырған оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Күлдіре отырып, терең ой салды. Тіптен әңгімелесу барысында басқа да балалар қатысуға өтініш білдіріп жатты. Дәрігерге қошемет көрсетіп алғыстарын білдірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"