Меню KDT

Новости

Главная Новости

9 - сынып оқушылары № 2 өрт сөндіру бөліміне кездесуге барды

Кеше, 14 сәуір күні, біздің мектептің мұғалімдері мен 9-сынып оқушылары Астана қаласындағы № 2 өрт сөндіру бөлімінің мұражайына барып қайтты.
Оқушылар ең алдымен өрт сөндіруші ұжым туралы түсірілген бейнебаянды тамашалады. Одан кейін мұражай меңгерушісі Құралай Тұяққызы өрт сөндірушілердің ерен еңбектері, ерлік істері, тілсіз жау – өрттен адам жанын құтқаруда қаза болған қаһармандарымыз жайлы талай құнды мәліметтер айтты. Мұражайда өрт сөндірушілердің арнайы киімдері, көрсеткен ерліктері үшін алған медаль, ордендері, түрлі оқиғалардың фотосуреттері сақталып, өз қызметі барысында ерлікпен қаза тапқан 5 батыр ағаларымызға арналған бөлме ашылған. Бөлмеде сол азаматтарымыздың арнайы киімдері, құжаттары, қойын дәптерлері ,медальдары сақталған екен.
Одан кейін өрт сөндіру машинасы, оның жұмыс істеуі туралы ақпарат алып, өрт сөндірушілердің дем алатын, тамақтанатын бөлмелерін, жаттығу жасау залдарын аралады.  
Экскурсиядан оқушылар үлкен әсер алды. Құралай Тұяққызының айтқан әңгімелерін үлкен тебіреніспен, зор ықыласпен тыңдады.
Кездесу соңында оқушылар ұжыммен фотоға түсіп, үлкен алғыстарын білдірді.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"