№71 мектепте 8.04.2015 жылы қалалық педагогикалық «Дарынды ұстаз-дарынды оқушы» олимпиада өтті. Біздің топ ІІІ орынды иеленді.
Олимпиаданың мақсаты:
- педагогикалық ортадағы шығармашыл жастарды анықтау және қолдау;
- педагогикалық білімнің мәні мен педагогикалық мамандық мәртебесін күшейту.
Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:
- жоғары сынып оқушыларының мұғалім қызметінде өзінің қоғамдағы орнын белгілеу;
- жоғары сынып оқушыларының және жас ұстаздардың кәсіби-педагогикалық ой-өрісі мен мүмкіндіктер аумағын кеңейту;
Педагогикалық олимпиаданың құрылысы.
Педагогикалық олимпиаданың құрылысы баспалдақ тріздес:
I кезең – білім мекемелерінің жоғары сынып оқушылары.
Әр мектептен 10-сыныптың жақсы оқитын, мұғалім мамандығына қызығушылық танытатын және педагогикалық кәсіпке қабілеті бар 5 оқушыдан көп емес топ шақырылады.
Сайыс тапсырмасын орындау барысында оқушылар көрсете алады:
-жеке тұлғаның педагогикалық бағыты;
-мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілік пен сыйластық;
-педагогикалық эрудиция,интеллектуалды және жалпы мәдени даму деңгейі.
II кезең – жас педагогтар, еңбек өтілі кемінде 2 жыл.
Тапсырмалар мазмұны.
Олимпиада мазмұны сайыстық тапсырмаларды қарастырады, оқу барысындағы шынайы педагогикалық шеберлікті көрсету, педагогикалық қызметін шығармашылықпен жүзеге асыру, сонымен қатар педагогикалық қызметінде зерттеушілікпен айналысу;
1-тапсырма: «Тұсаукесер». Сайыс ұзақтығы– 3 минут.
Сайыстың мақсаты – өз мектебінің атағын көрсету, педагогикалық мамандықты жоғары сынып оқушыларының таңдауына әсері.
Бағалау критериилері:
-Өз мектебінің ерекшеліктеріне берген мінездемесі (құрылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);
-безендірілуі (топ аты, ұраны, төс белгісі, киім үлгісі);
-актерлік шеберлігі, сөз сөйлеу мәдениеті;
- регламент сақтауы.
2-тапсырма: Педагогикалық шеберлік сайысы: мектеп өмірінен сахналық көрініс.Ұзақтығы – 3 минут.
3-тапсырма: Топ басшылар сайысы.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны