Денсаулық-зор байлық
№7 емхана медбикелері 5-10 сынып ата- аналарына "Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру" атты ата-аналарға баяндама оқыды. Мектебіміздің медбикесі Булекбаева Индира ата-аналармен сауалнама жүргізе отырып, ата-аналар өздері қойған сұрақтарына жауап алды. Жиналыс 5-10 сынып қыз балалар ата-аналарына арналды.
Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:
- Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;
- Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;
- Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
- Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т.с.с. болып табылады.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.
Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:
- Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;
- Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;
- Тағам тану гигиенасы;
- Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;
- Жарақаттанудың алдын алу;
- Политехникалық оқытудың гигиенасы;
- Жыныс тәрбиесі.
Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии