Ер есімі - ел есінде
Бүгін Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесін атап өту аясында 4 «В»сынып оқушыларымен «Ер есімі-ел есінде» тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқушылар майдангер жазушылардың шығармаларын оқып, өлеңдерін көріністермен көрсете білді. Ұлы Отан соғысында өнер қайраткерлері, Ж.Жабаев, Р.Бағланова апаларының қосқан үлесін білді. Майдан даласынан қайтпай қалған боздақтарды еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Сынып жетекшісі Есіл Жанаргүл Өмірзаққызы

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии