"Талантты ұстаз - дарынды балаларға"
8 сәуір 2015 жылы №71 мектеп-лицей базасында қалалық "Талантты ұзтаз - дарынды балаларға" атты педагогикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты педагог мамандығын дәріптеу, дарынды оқушыларды қолдау болып табылады. Осы үлкен білім мен өнер тоғысқан сайыста Дарынды балаларға арналған № 9 "Зерде" мектебінің "Зерде сарбаздары" командасы жетекшісі Рахимова Гульнар Мизимбаевна І орынды иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды. Команда мүшелері: Сейдулла Сымбат, Исмат Әділбек, Талипова Жанель, Қанатұлы Жәнібек, Бихан Сәкен, Суханбекова Жұлдыз. Сондай-ақ, 5-сынып оқушылары Рахимова Наргиза мен Жеңіс Абай да жеңіске өз үлестерін қосты.
Жеңіс құтты болсын!!!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии