«Өлеңмен қайта өрілді Мағжан ақын!»
2015 жылдың сәуірдің 7 күні № 65 мектеп-гимназияда «Өлеңмен қайта өрілді Мағжан ақын!» атты аудандық Мағжан оқулары өтті. Оқу дәстүрлі 3 бөлімнен тұрды:
- «Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған!» Ақын өлеңдерінен мәнерлеп оқу бөлімі.
- «Мағжан шығармашылығының сипаты». Ақын шығармашылығы жайлы баяндама қорғау.
- «Ай – алқа, Жұлдыз – жүзік, ақша маңдай... » Оқушының өз шығармашылығы, көріністер, ақын сөзіне жазылған әндерді орындау.
Біздің мектебімізден 3 оқушы қатысты. Нәтижесінде:
«Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған!» номинациясы бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Құрманәлі Ерболат (жетекшісі – Жұмағалиева Жанерке), «Мағжан шығармашылығының сипаты» номинациясы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Ормантаева Аружан да (жетекшісі – Онор Алтынгүл) мақтау қағазымен марапатталса, 5 «Б» сынып оқушысы Рахметов Айбек (жетекшісі - Ахметова Жанар)
«Ай – алқа, Жұлдыз – жүзік, ақша маңдай... » номинациясы бойынша І орынды қанжығасына байлап қайтты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии