2015ж. 20 қаңтарда №17 мектеп-гимназиясында «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен кездесу болып өтті. Кездесуге қатысқандар: Сейітов Ахмет Мағзұмұлы-«Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Қазыбек Майлыбайұлы Қазкенов-академик,профессор,философия докторы, «Нұр Отан» партиясының ардагері, Ерлан Ерікұлы Ахмеди-«Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалының кеңесшісі.
Дәріс оқушылар тыңдаушыларын 2015 жылдағы негізгі оқиғалармен таныстырды: ҰОС-ғы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының және кіші ассамблеяның 20 жылдығы, Қазақ мемлекетінің құрылуының 550 жылдығы.
Оқушылар «Нұр Отан» партиясының дәріскерлерін қызыға тыңдап, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"