Жанымда жүр ару қыз...
Елімізде әйгілі продюсер Баян Есентаеваның ұйымдастыруымен"Қазақ аруы-2015" сұлулық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңірген ,бет пішіні, дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті терең ойлы , білімді, өнерлі қазақ қыздарын анықтау.
Байқауға қазақтың ақылына көркі сай талантты, білімді, сымбатты іріктеу кезеңінен өткен 25 ару қатысты.
«Қазақ аруы-2015» байқауы кез келген бойжеткен үшін үлкен мектеп.Кастингте бұл сайысқа қатысуға үміткер болған жүздеген арулардың ішінде іріктеу турынан өтудің өзі оңайға түспегені анық. Осындай, дүбірлі додаға Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясының 9 - сынып оқушысы Салимова Альбина қатысты . Альбинаның байқауға қатысуына Астана қаласы №74 мектеп -гимназиясының директоры Т.Ж.Нүсіпжан үлкен қолдау көрсетті. «Жүзден -жүйрік, мыңнан-тұлпар» демекші «Қазақ аруы-2015» байқауында 25 қыздың ішінен 15 жасқа енді ғана толған ару - Салимова Альбина көптің көзіне ерекше көрінген талдырмаш көркіне ақылы, рухани сұлулығы үйлескен қыз жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл- үлкен қуаныш. Альбинаға ата-анасының берген қазақи тәрбиесі, ұстаздарының үйреткен терең білімі жеңіске жетуіне тірек болса керек. Байқау шарты бойынша әр қыз өзін сахнада, халықтың алдында қалай ұстауы керек, жүріс-тұрыс, сөйлеу мәнері, тағы басқа да қыз балаға қажетті дүниелерді көпшілікке таныту болса, барлығында Альбина жоғары деңгейде орындап көрсете білді.Альбина мектепте оқу үздігі, өнер жүйрігі. Оның әлі де талай білім мен өнер жеңімпазы боларына сенеміз.
Альбина бұл сіздің алғашқы қадамыңыз ол сіздің сеніміңізді өрге жетеледі. Еліміздің жұлдызы болып жарқырап, әні болып әр адамның жүрегінде қала беріңіз демекпіз!
№74 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"