19.03.2015 күні мектебімізде Наурыз мерекесі аталып өтті. Мерекеде сыныптар ауыл-ауылға бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. «Керей хан» ауыл тұрғындары (10 сыныптар) Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Көшпенділер трилогиясындағы Керей хан бейнесі» атты көрінісін көрермен назарына ұсынды. «Жәнібек хан» ауыл тұрғындары (9 сыныптар) «Құда түсу» дәстүрін ұсынса, «Қасым хан» (8 сыныптар) ауыл тұрғындары дәл осы дәстүрдің жалғасы саналатын «Қыз ұзату» дәстүрімен мереке сәнін келтірді. «Есім хан» (7 сыныптар) ауылы дүниеге келген сәбиді бесікке салу дәстүрінің түпкі мағынасын ашып көрсетті. «Абылай хан» ауыл тұрғындары баланың өмір жолы ақ болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен жас сәбидің тұсауын кесті. Бала төселген ақ матаның үстімен жүріп отырып, алдындағы ырымдалып қойған заттардың ішінен кітапты таңдады. Үлкендер жағы білімді болсын деген тіліектерін білдіріп жатты. Осындай қуанышты тойдың жалғасы «Кенесары хан» аулы балаларының асы ату ойынымен ұштасты. Осы ауылдың үлкені ортаға шығып, батасын берді.
Мектебіміздің мақтанышы, «Серпер» домбырашылар ансамбілі «Науаи» күйін шертіп, тойға келген қонақтардың көңілін көтерді. Наурыз мерекесі дәстүрі бойынша дастархандар жайылып, келген қонақтар дәмнен ауыз тиіп, бір-бірін құттықтады. Кеш соңын биология пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстазымыз ---- өзінің ақ батасымен аяқтады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"