Қайырымдылық бізде және біздің айналамызда
01 сәуір "Күлкі күніне" орай осы күні Астана қаласы Білім Департаментінің ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында "Қайырымдылық біздің және біздің айналамызда"атты қалалық КТК байқауы болып өтті. Байқауда ең үздік деп танылған команда Жайдарманның 1/8 финалына жолдама алатын болады. Біздің мектептің "Нағыз қазақтар" КВН командасы жақсы әзілдерімен көрерменді күлкіге батырды. Бұл байқау тек колледж студенттеріне арналғандықтан біздің команда арнайы қонақ ретінде қатысып сертификат табысталды. Барлығы 10 команда қатысып АФЭК колледж студенттері бас жүлдені жеңіп алды. "Нағыз қазақтар" командасының бұл ойында шақыру алып қатысқандары біздің мақтанышымыз. Командаға келесі болатын сайыстарда жеңіске жетіп, биіктен көрінуіне тілектеспіз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии