Мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер; ұлттық қолөнер бұйымдары, т.б.
Сынып наурыз мерекесіне орай безендіріліп, киіз үйдің макеті орналастырылды. Ішіне ұлттық қолөнер бұйымдары қойылды. Мерекелік дастархан жасау ата – аналардың еншісіне тиді. Балалар ұлттық ойындардың бірнеше түрін көрсетуғе дайындықтарын пысықтап болған соң тәрбие сағатын бастадық
Тәрбие сағатымызды Қыдыр бабаның келуімен аштық. Содан кейін Күн,Түн кейіпкерлеріне енген оқушылар көрініс көрсетіп, Наурызды шақырдық. Наурыз кіріп келген соң мерекелік қойылымдар басталып кетті. «Қара жорға» билеуден жарыс болып, үздік бишіні анықтадық.
Ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Ата – аналар тарапатынан да асық ойнаудан жарыс өткізілді. Ұлдар мен қыздар айтысы мерекенің көркін қыздырды. Түрлі әндер мен күйлер тартылды.
Дастархан басында «Наурыз көже» ішуден жарыс ұйымдастырылды. Ұлдар жақтан Отыншин Ануар мен Назаралы Парасат шықса, қыздар жақтан Кабыкенова Гүлнәби мен Молдағали Еркежан шығып көже ішуден жарысты. Осы сайыста Парасат пен Гүлнәби жеңіске жетіп марапатталды. Мерекелік дастархан басында көңілді отырыс ұзақ уақытқа жалғасып, ата – аналар мен оқушылар көңілді тарасты.
«Армысың , әз Наурыз» атты тәрбие сағатынан көріністер: 4 «А» сынып жетекшісі Г.Ж.Утебаева және 4 «Д» сынып жетекшісі К.К.Каришова.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"