Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықылас танытып, сыйлықтар жасап жатады. Тарих парағын парақтасақ, осы күнде әйелдер қауымы өз қүқықтарын қорғап, бас көтерген деседі. Бертін келе бұл күнді халықаралық әйелдер күні болып белгіленген екен.
- Құрметті аяулы, ардақты аналар. Өміріміздің гүлі, қуанышы - сіздерсіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаңшама. Бүгінде ел экономикасына етене араласып, саяси күшті ықпал жасап отырған - осы бір нәзік жанды әйелдер қауымы.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"