Ұлыстың Ұлы тойы
Астана қаласы әкімдігінің Көпбейінді колледжінде наурыз мерекесіне арналған «Армысың, Ұлыстың Ұлы тойы» атты іс-шара атап өтілді.
Аталмыш мерекелік шара биылғы айтулы қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен қатар келіп, Жәнібек, Керей хандарымен бастау алған қазақ хандығы үш жүздің игі жақсылары Абылай ханды ақ киізге отырғызып хан сайлаған айтулы тарихи оқиғаларды қамтыған сахналық көріністерімен ерекшеленді. Сонымен қатар, әр мамандық бөлімдері хан ордаларын тігіп, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрінен сипат беретін ұлттық нақышта безендіріп және ұлттық тағамдар қойды. Әсіресе, колледжіміздің барлық орыс-қазақ топтары бір кісідей белсенділік танытып, әр топ ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсете отырып, мерекелік дастархан жайылған ауыл –ауылға бөлініп, Наурыз мейрамын қарсы алды.
Бұл шараның құрметті қонақтарыАстана қалалық әкімдігінің тіл дамыту басқармасынан арнайы келгенсазгер, қаламгер Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы және Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университеттің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Амангүл Мұратқызы мерекелік шараны ұйымдастырған ұжым мен мекеме басшысына өз ризашылықтары мен ыстық ықыластарын білдірді.
Колледж спортшылары тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күрес, т.б. түрлі сайыстар өткізіп, ұлттық ойындар жеңімпаздарын мекеме басшысы Серік Балтықанұлы арнайы мадақтама қағаздары және сыйлықтармен марапаттады. Концерттік бағдарламаға ұласқан бұл іс-шарада мекеме оқытушылары және студенттері Ұлыстың ұлы тойының көркін қыздырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии