Наурыз айының 14 жұлдызында 5-6 сыныптар арасында наурыз мерекесі қарсаңында «Сүйкімді ару -2015» қыздар арасында сайыс өткізілді. 5-6 сыныптар арасында 6 оқушы қыз қатысты.Барлығы белсенді атсалыса білді. Шарттары:
Қыздарға берілген тапсырмалар да өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар бейне таспа жасапта үлгерді.Барлық қыздарымыз қазақы киіммен ұлттық нақыш үлгісімен өздерін таныстыра білді. Дефиле сайысында қыздарымыз әр түрлі қағаздардан және пакеттерден киім жасағандары көрермен көңілінен шыға білді. Үй тапсырмасында қыздар қолөнерлерімен таңқалдыра білді. Оюлы сөмке, көкөністерден әртүрлі бұйымдар жасады. Сұрақ –жауап барысында қыздарға ұлттық салт –дәстүрден қойылды. Кей оқушылар мүдіріп жауап берсе кейбірі жылдам жауап беріп шапшаңдық танытты.
Сайыс соңында үздік жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде 6 «Ә» сынып оқушысы Ахметжанова Айжан ұтып алды. 1 орын 6 «А» Тілеубердіқызы Аяужан жеңіп алса 2 орынды 5 «Б» сынып оқушысы Ахадыл Аида жеңіп алды.Ал 3 орынды 5 «Ә» сынып оқушысына бұйырды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"