19.03.15 күні Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде Наурыз мейрамы тойланды.Наурыз мейрамына ҰОС ардагерлері шақырылып,құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, Наурыз мейрамын мектеп әкімшілігі Әкелер кеңесі мен ата-аналардың қатысуымен өткізіп, ҰОС ардагерлеріне наурыз сыйлықтар таратылды.Ардагерлер мектеп басшысы Жусупова Зауре Ғинаятқызына,ол кісі басқарып отырған мектеп ұжымына өз алғыстарын айтып,ақжол тіледі.