Мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап Білім басқармасының 29.08.2014ж №551 бұйрығы негізінде «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша эксперименттік сыныптар жұмыс істейді. Мектепішілік олимпиадаға эксперимент бойынша жұмыс істейтін 12 команда - 1 А», 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г», 1 «Ғ», 1 «Д», 4 «Б», 4 «Б», 5 «А», 5 «А» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 7 оқушыдан қатысып, команданың аты, ұраны, топ басшысы, жетекшісі болды. Мектепішілік олимпиадаға қала мектептерінін арнайы комиссия мүшелері ретінде №8 орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Боранбаева Айгүл Қайроллақызы, №66 мектеп-лицейінен бастауыш сынып мұғалімі Шалова Роза Мейірбековна және №4 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Қалқанбаева Марфуға Қыдырмолдақызы келіп, командаларды іріктеу жұмысын атқарды. Комиссия қорытындысы бойынша 12 команданың 10 командасы қалалық ауызша олимпиадаға жолдама алды.