Мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі тойланды
Есігімізді қонақтарға айқара ашып, наурыз көжемізді пісіріп, ел болып думандатып қарсы алдық. Той пердесін мың бұралған "Тұмар" би ансамблі ашты. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы қонақтарды, ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, мектеп өмірімен біте қайнасып, белсенділік танытып жүрген ата-аналарды Алғыс хатпен марапаттады. Той ата-әжелердің тойбастарымен басталып, қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі "Тұсау кесу" рәсімімен жалғасты. Алдар көсе жиналған қауыммен "Қыз қуу", "Арқан тартыс" ойындарын өткізді. Өткен жылға салауат, келген қой жылына жақсы тілектер айтылған мерекелік бағдарлама ән-шашумен жалғасын тапты.