2015 жылы 27 ақпан күні Астана қаласы Білім Басқармасы М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Ғасырдан ғасырға» атты қалалық зияткерлік байқауын өткізді.
Байқау тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»
Қазақ хандығының құрылуынан бастап Қазақстан тарихы да басталады, бұл күнді атап өту біз үшін, болашақ ұрпақ үшін үлкен жетістік.
Көрнекті жазушы Илияс Есенберлиннің «Көшпенділер» эпопеясында қазақ хандығының құрылу процессі анық жазылған.
Байқау мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақтың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, Отан тарихына қызығушылықтарын ояту, ежелгі мәдениет және әдебиет ескерткіштерінің құнды екенін ұғындыру, сахна өнеріне баулу.
Байқау ІІІ тур бойынша өткізілді:
І тур - «Презентация». Белгілі тақырып бойынша қойылым көрсету.
ІІ тур – Викторина. (И. Есенберлиннің «Алмас қылыш» шығармасы бойынша)
ІІІ тур – «Сиқырлы сандық»
Қалалық байқауға іріктеу турынан жоғары ұпай санын жинаған мектеп командалары қатысты. Байқау ІІІ тур бойынша өткізілді: І тур – «Презентация»
№ 6 гимназия командасы презентацияға «Хақназар хан. Жауынгер және дипломат» тақырыбын ұсынып, ІІІ орынға ие болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"