Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойына орай «Жас батыр» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен мектеп аралық жарысы өтті

Наурыз айының 17 күні сағат 15:00 де №58 мектеп-гимназиясында Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойына орай «Жас батыр» әскери –қолданбалы спорт түрлерінен қала мектептерінің арасында жарыс өткізілді.
Жоспар бойынша жарысқа 65,67,68,40,58,41,19,77 мектептер қатысуы тиіс еді.  Жалпы 5 мектеп командасы қатысты. Олар:65,67,68,40,58 мектептер. «Жас батыр» жарысы оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Утенова Г.Т. және дене тәрбиесінің әдістемелік бірлестігі: Байғожин А.М   құттықтау сөзімен басталды.

Жарыс ІV кезеңнен тұрды.

І кезең «Сыр сымбаты» деп аталды.  Бұл кезең тапсырмасы бір қатарлы сапқа тұру, үш лекке сапқа тұру, орындағы бұрылыстар, саптық адыммен қозғалу, қозғалыстағы бұрылыстар, қозғалыста әскери сәлем беру және бастапқы қалыпқа келу.  Мұндағы мақсат әр мектеп командаларының саптық дайындығын, сап сымбаттылығын анықтау еді. Аталған тапсырманы орындауға әр командаға  3 минут уақыт берілді.

  



ІІ кезең «Күш білекте, Отан жүректе» деген тақырыпта өткізілді. Тақырыптың мақсаты оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті күшейту. Бұл кезеңнің тапсырмалары  (әр түріне 2 минуттан)

  1. Тартылу,
  2. 100 метрде жүгіру,
  3. Жерден кеудені көтеру,
  4. Тізені шынтаққа тигізе секіру. (ұлдар)
  5. Күш жаттығуларының жинтығын орындау (қыздар) Шалқалап жатып ішке тартылу,
  6. Жерден кеудені көтеру жаттығуын жасау.(қыздар)
Арқан тарту. (Әр командада 7 адам)

  

ІІІ кезең  «Әсери істі іс жүзінде орындап үйрен»тақырыбымен аталды. Тақырып мақсаты әскери алған білімдерін көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы іс жүзінде көрсету.

  1. Пневматикалық винтовкамен ату. (5 оқ беріледі, 3 саналады)
  2. АК-74  толық емес шашып, жинау (уақытқа, ұлдар)
  3. ОЗК кию (уақытқа, ұлдар)

   

   ІVкезең  қортынды бөлім бойынша әр команданың жалпы ұпай сандары есептеліп, жеңімпаз командалар мадақтамамен марапатталды. Атап айтқанда №58 мектеп-гимназиясы командасы өздерін жақсы қырынан көрсетіп, өз өнерлерін ортаға сала білді. Сондықтан І орын мадақтамасымен марапатталды.   ІІ орынды №40 мектеп командасы иеленсе, ІІІ орын №65 мектепке тиесілі болды. Ал №68 мектеп ІV орын, №67 мектеп V орынды иеленді. Жалпы айтқанда жарыс өз мәресіне жетті. Жарысты өткізуге дене тәрбиесінің оқытушылары көмектесті.

   
  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"