Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күнде біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын деген тілекпен 18-19 наурыз күндері І, ІІ ауысым оқушыларына арналған салтанатты саптүзеу жиыны өтті. Жиын барысы 5 сынып оқушысы Алтынханова Ботаның орындауындағы «Гәкку» деген әсем әнімен ашылды. Ұлыстың ұлы күні баршамызға құт әкелсін деген ниетпен мектебімізден құрылған жас домбырашылар оркестрі «Кеңес» күйін шертіп көрермен қауымын бір серпілтіп тастады. Тоқсандық қорытынды бойынша ағымдағы жылдың оқу және тәрбие жұмыстарының есебі берілді. Алтыннан алқа тағып, өнердің додасынан кем болмаған мектеп оқушылары сансыз марапат иелері атанды. Саптүзеу жиыны тәлімгер Динара Мейрамбекқызының орындауындағы «Астана» әнімен жабылып «Жас Ұлан» ұйымының бишілерінің биімен аяқталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии