Меню KDT

Новости

Главная Новости

Наурыз – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі

Наурыз – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі
   Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.
   Біздің мектебіміз де наурыздың 17, 18 күндерінен бастап, Ұлыстың Ұлы күнін ерекше тойлап өтті. Мерекелік іс-шарамыздың шымылдығын мектебіміздің директоры Алма Қайрбулатқызы ашты. Алма Қайрбулатқызы ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтап, өзінің жүрекжарды ақ тілегін айтты.
   Бұл күндері ақ дастархан жайылып,наурыз көже даярланып, ұлттық тағамдар ұсынылды; ән-биден шашу шашылып, театрландырылған көріністер көрсетілді, ұлттық ойындар да ойналды. Бастауыш сыныптарда «Наурыз шашу» салт-дәстүрлерден көрініс, 5-сыныптар арасында отбасылық «Шаңырақ сайысы» байқауы, 6,7-сыныптарда «Дәм отау» сайысы, мектепішілік «Ата-бабамыздың мұрасы – ұлттық тәрбие көзі» сәндік, қолданбалы өнер байқауы, «Құтты болсын қадамың, Ұлы Наурыз!» жас ақындар байқауы, «Болашақ бүгіннен басталады» атты наурыз келбетінен сурет байқауы, 8-11-сыныптар арасында «Кең болсын қазағымның керегесі, құтты болсын Наурыз мерекесі!» мерекелік бағдарламасы өтті. Тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік мәні бар бұл мерекеге барлығы белсене атсалысып, мерекенің тартымды өтуіне өз үлестерін қосты.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"