Жеңісіңіз құтты болсын!
10-13 наурыз 2015 жылы Тараз қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Біздің колледждің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ККМк-2 тобының студенті Серік Жансая сайысқа түсті. Осы чемпионатта Серік Жансая 80 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III орынға ие болды.
Осындай қарымталы жеңісімен Жансаяны құттықтай отырып, деніне саулық, толағай табыстар мен өмір жолына сәттілік тілейміз. Әлем чемпионатында байрақты бәсекеге түсіп, еліміздің намысын қорғай беруіне тілектеспіз!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии