Меню KDT

Новости

Главная Новости

2 наурыз бен 7 наурыз аралығында «Өнерлі – өрге жүзеді» атты эстетикалық пән бірлестігінің апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты оқушылардың шығармашылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылық сезімдерін ояту, қазақ халқының салт-дәстүрі, қолөнер түрлерімен сусындату, күнделікті өмірмен байланысты талғам жасай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиетке бай, тәртіпті, өнегелі, білікті, білімді болып қалыптасуына себепкер болу.
Апталық бағдарламасыкіре беріс дәлізде безендіріліп іліндіжәне бейнетаспа ретінде теледидардан көрініп тұрды. «Өнерлі – өрге жүзеді»» атты эстетикалық пән бірлестігінің апталығы 02.03.2015 «Өнер – өмір жемісі» атты жиынмен апталықтың ашылу салтанатымен басталды. Апталықтың ашылу салтанатын ӘБ жетекшісі технология пәні мұғалімі Назарбекова Т.М. бастаған мұғалімдер ұжымы ат салыса, спортзалда музыка ойнатылып, бишілер мың бұралып өз өнерлерін көрсетсе, оқушылар өздері тіккен алжапқы мен көйлектерін, шалбарларын киіп, сән үлгісі ретінде сахнада жүріп өтті. Домбыраның қоңыр үнімен жалғасын тапты.
03.03. 2015 І қабат дәлізінде «Наурыз нақыштары» тақырыбында көрме жасалды. Көрмені бейнелеу пәні мұғалімі Оспанов Е. ұйымдастырды. Оқушылар өз шығармашылықтарын көріп қызықтады.
       03.03. 2015 технология пәнінен 7 «А» сыныбында «Түнгі көйлектің етегін өңдеу, сапасын тексеру» тақырыбына Назарбекова Т.М ашық сабақ өткізді. Оқушылар сергіту сәтін өлең шумақтарымен бастап, сабақ тақырыбын өздері ашты. Топқа тігілген көйлектің жаға ойындысы бойынша «Дөңгелектер, төртбұрыштар, үшбұрыштар» болып бөлінді. Сабақта СТО, АКТ, жаңа технологияның статегияларын қолданып өтілді. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылар өздері толтырған «Бағалау парағы» бойынша бағаланды.
03.04. 2015 технология пәнінен 5 сыныптар арасында «Жас шебер» сайысын Қәріп С.И «Бұғы мүсінін жасау» тақырыбында өткізді. Оқушылар қызығушылықпен шығармашылықтарын көрсетті. Жас шебер сайысында 1-ші орынды 5 «В», 2-ші орынды
5 «Д» сыныбы иеленді.        
06.03.15 технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт» атты оқушылардың қолөнер бұйымдарынан шығармашылық көрме өтті.
Оқушылар өз жұмыстарын тамсана, қызыға тамашалады. Ең өнерлі, ең әдемі жасалған өнер туындылары саптық жиында марапатталды.
07.03.15     «Өнер жолы-қызық жол» атты музыкалық шығармашылық кеш өтті.   Кеш кең көлемде, өлең шумақтарымен, әсем әндерімен, мың бұралған билерімен сахнаны жаулап алды. Кешті ұйымдастырған   «Алтынай» би тобының жетекшісі Сураганова Б.Б және музыка пәні мұғалімі Монкебаев М.Ж.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"