Вирустық (жұқпалы) аурулардың алдын алу жұмысының өту барысы
- негізделген мектепішілік №143 бұйрығына сәйкес вирустық (жұқпалы) аурулардың алдын алу жұмысының жоспары жасалып қабылданды. Жоспарға сәйкес қаңтар 26 жұлдызынан ақпан айының 26 аралығында «Жұқпалы аурулардың алдын алу» айлығы өтті. Айлықты ұйымдастырып өткізгендер: мектеп медбикесі Г.А.Исаева , директордың ТІЖО Ғ.Қ. Ысмайыл, Г.А. Жупкалиева және «Санитарлық бекеттің» белсенді мүшелері (5-9 сынып оқушылары), сынып жетекшілері мен қазақ тілі ӘБ, орыс тілі ӘБ.
- 26-31 қаңтар аралығында 1-11 сыныптар арасында «Туберкулезге жол жоқ» дәрігер кеңесі мен осы тақырыпқа қазақ тілінен диктанттар өткізілді. Дәрігер кеңесін қалалық №6 емхананың фтезиаторы Хамитова Гульнара Зиябековна өткізді.
- 2-7 ақпан аралығында 1-11 сыныптар арасында «Гепатиттен сақтану жолдары» тақырыбында дәрігер кеңесі жүргізілді. Кеңесті ұйымдастырып өткізген қалалық №6 емхананың учаскелік педиатр дәрігері
«Гепатит» тақырыбына орыс тілі сабақтарында диктант жазылды.
- 9-13 ақпан аралығында 1-11 сыныптар арасында «Менингит – қауіпті кесел» тақырыбы бойынша дәрігерлік кеңес жұмысы жүрді. Дәрігер кеңесін мектептің медбикесі Г.А.Исаева өткізді. Аталған дерт туралы толыққанды ақпарат берілді. 8-11 сыныптар аталған тақырыпқа диктан жазды.
- «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Туберкулезге жол жоқ», «Гепатиттен сақтану» , « Менингит дегеніміз не?» атты тақырыптарға 7 сынып оқушылары ақпаратты «стендтерді» әзірлеп, мектептің 2 қабатының дәлізіне орналастырды. Сонымен қатар мектеп медбикесі «Өзіңдң туберкулезден сақта!» тақырыбына ақпараттық «стендті» мектептің 1 қабатына орналастырды.
- 5-7 сынып оқушыларының арасында ақпараттық парақшалар сайысы өтті. Жеңімпаз сыныптар: 5 «Ә», 5 «Б», 5 «Г», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 7 «Ә» , 7 «Е»,
7 «В».
- Аталған айдың шеңберінде мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен оқушылардың десаулығының ахуалы зерттеліп, мониторинг жасалды.
- Мектептің санитарлық бекеттері де қалыс қалмай, белсенді түрде сыныптар ішінде сынып сағаттарында жұқпалы аурулардың пайда болу себептері, оларды болдырмау туралы ақпараттандыру жұмыстарын өткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии