Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің 1 «а» және 4 «ә» сынып оқушыларымен «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» мерекесіне орай, «Мәңгі ұмытылмас ерлік» тақырыбында Ауған соғысының ардагері, милиция полковнигі Уваев Айтбай ағамен кезедесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты балаларды өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған майдангерлердің рухына тағзым ете отырып есімдерін қастарлеуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында жалпы Ауған соғысы жайында балалар толық мәлімет алды. Айтбай аға өз басынан өткен оқиғаларды оқушыларға баяндады. Ауған соғысынан шағын бейнефильм тамашалады, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
Ардагерге балалар көкейіндегі сұрақтарын қойды. Кездесу соныңда Айтбай аға балаларға оқуларын жақсы оқып, еліміздің болашақ азаматы болуларына өз тілегін білдірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"