Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы ұлан-байтақ еліміздің әр түкпірінде кеңінен тойлануда. Осыған орай, біздің мектебімізде 2015 жылғы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған іс- шаралар өткізілді. Мектебіміздің кітапханасында кітапханашы Урбаева Ғалия апайымызбен бірге Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ хандарының еңбектерімен өнер туындылары қойылған. Бірлестік жетекшісі Мақұлбаева Фарида Жалалқызы оқушылар алдында өткізіліп отырған шараның мән-маңызына тоқталып, бұл мерейтой қарсаңында өткізілмек ауқымды істердің бастамасы һәм бір парасы екендігін жеткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"