2015 жылдың 4-наурызда Астана қаласының №49 орта мектебінде желілік қоғамдастық аясында мұғалімдерге арналған «Оқыту үрдісіндегі білім сапасын арттырудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.Семинар бағдарлама бойынша сағат 9.00 - де басталды. Семинарға №57, №54, №34,№64, №29, №38 қала мектептерінің деңгейліктен өткен мұғалімдер қатысты.Деңгейлік курс бағдарламасын оқып келген 10 пән мұғалімдері: орыс тілі мұғалімі Аманова С.Е., Жванишева М.Б., Юсупова Н.Б., ағылшын тілі мұғалімі Баймбетова М.Н.,бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Д.П., Өнербай Ұ.О., Туленова Ж.С. ашық сабақ өткізді. Сабақтан соң деңгейлік бағдарламаның ІІ деңгейін оқыған И.А. Разиева, Г.Ж. Жандыбаевалар коучинг өткізді. Коучинг жоспар бойынша бірнеше тапсырмалардан тұрды. Адамға ой саларлық, терең мағыналы, адамның өмірге бейімделуі мен өз бойына қалай өзгерісті болатындығы жайлы бейнефильм көрсетілді. Көрсетілген бейнефильм бойынша мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Семинар соңында мектеп басшысы Д.М. Джумартова семинарға қатысушы мұғалімдерге алығысын білдіріп, барлық ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"