Меню KDT

Новости

Главная Новости

Аудандық «Абай-Шәкәрім» оқулары байқауының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгінгі ұрпақ – Абай ұрпағы жыр сүйеді, одан өмірлік сыр түйеді. «Астарында талай сыр, талай гәп бар, Абайға айналайын, абайлап бар,» -дегендей тұңғиық тереңдігімен дараланар Абай әлемінің тылсым сырына үңілген    №38 мектеп-лицейінің 5 «В» сынып оқушысы Саметханова Аяулым және  6 «Ә» сынып оқушысы Әлтаев Ақжолтай   аудандық «Абай-Шәкәрім» оқуларына қатысты. Байқау Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен №8 орта мектебінде өтті.

         Аталмыш оқулар жылдағы дәстүр бойынша  бірінші номинация тұлғалардың өлең-шығармаларын жатқа оқу Абай мен Шәкәрім оқулары «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»  екінші номинация олардың сөздеріне немесе авторлық ән-күйлерін орындау  «Көңілім әнді ұғады», үшінші номинация оқушының тұлғаларға арнауы немесе шығармашылығын шыңдау Абай мен Шәкәрім оқулары «Жүйріктен жүйрік шығар жарысқанда».  Мектеп-лицейімізден қатысқан  «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Саметханова Аяулымжүлделі ІІІ орынды иеленсе, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабашова Динара Мейрамбекқызы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Әлтаев Ақжолтайда ІІІ орынның тұғырынан көрініп, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Самал Серікқызы, келесі қалалық сайысқа өтті. Алдағы қалалық «Абай-Шәкәрім» оқуларына жолдама алған жеңімпаз оқушыларымызға сәттілік тілеп,   «Тек қана алға!» дейміз!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"