Қалалық «Сүйкімді Ару 2015» байқауының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Астана қаласы 2015 жылдың 5 наурызында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық «Сүйкімді Ару 2015» дәстүрлі қыздар байқауы өз мәресіне жетті. 27 ақпанда №38 мектеп-лицейінен іріктеуге қатысқан 7-12 жас аралығы бойынша
4 «А» сынып оқушысы Тұрған Әйкерім жетекшісі Асанова Ләззат Сұлтанқызы байқау қорытындысы бойынша
«Дарынды Ару» номинациясымен марапатталды, ал 14-16 жас аралығында іріктеу сынынан мүдірмей өткен
7 «А» сынып оқушысы Темірғалиева Лаура жетекшісі Бабашова Динара Мейрамбекқызы, әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша
жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қаланың 80 мектептер арасынан іріктеліп шыққан өзінің өнерімен, сұлулығымен тамсандырған ару қыздарымызға алдағы үлкен өмір жолында бұдан үлкен биік-белестерді бағындыруына шын жүректен тілектес екендігімізді білдіре отырып, 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии