Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мен қазақтың қызымын үкі таққан» атты қыз сыны байқауы өз мәресіне жетті...

2015 жылдың 6 наурызында тәлімгер Бабашова Динара Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен «Мен қазақтың қызымын үкі таққан» атты 5-6 сынып қыздарынан құралған қыз сыны байқауы өтті. Ару қыздарымыз төмендегі кезеңдер бойынша сынға түсті:

  1. Онлайн режимінде дауыс беру;
  2. «Мен қазақтың қызымын үкі таққан» өзін таныстыру; 1 мин
  3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету; 3мин.
  4.  «Шебер қолдар»  қолдан жасалған әр түрлі бұйымдар жасап шығару;  3-4 мин.
  5. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру 1 мин.
  6. «Дефиле» қыздарымыздың қолдан жасалған көйлектерін көрсетіп, сахнада жүру мәдениеті. Сән шеруі;

Бірінен-бірі асқан хор қыздарының қазақ қызына тән инабатты, ибалы, сүйкімді де, мәнерлі дауыстары барша мектеп оқушыларын таң қалдырды. Өз өнерлерін ортаға салып, ақылына көркі сай ару қыздар қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпының сұрақтарынан  мүдірмей жауап беріп, нағыз «Қазақ қызы» деген лайық атқа ие болды.  Сайыстың қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімімен 11 қатысушы ару қыздарымыз төмендегі номинацилармен марапатталды:

  1.  Сатымбекова Мерей – «ҚЫЛЫҚТЫ АРУ»;
  2. Нұрланова Жадыра – «СҮЙКІМДІ АРУ»;
  3. Шаймухаметова Нұрай – «ИНАБАТТЫ АРУ»;
  4. Рахымжан Амина  – «КӨРІКТІ АРУ»;
  5. Қайыржанова Аружан – «ШЕБЕР АРУ»;
  6. Садуақас Аяулым – «ДАРЫНДЫ АРУ»;
  7. Сулейман Томирис – «ЗЕРДЕЛІ АРУ»;
  8. Қиянбекова Адина – «СЫМБАТТЫ АРУ»;
  9. Абенова Нұрила – «БҰРЫМДЫ АРУ»;
  10. Саметханова Аяулым – «ӨНЕРЛІ АРУ»;

Ал байқауымыздың арқауы болған «Мен қазақтың қызымын» атына лайық деп танылып БАС ЖҮЛДЕ иегері 6 «Г» сынып оқушысы Абдықадыр Айым атанды.


 
 
   

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"