№ 55 орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Рүстем Гүлжанат аудандық Мұқағали оқуларында «Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» жас ақындардың номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алса, 3 наурыз күні № 48 мектеп-лицейінде қалалық Мұқағали Мақатаев оқуларында жоғарыда аталған «Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» жас ақындардың номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталынды. 4 наурыз күні №8 орта мектепте ұйымдастыруымен аудандық XVI Абай-Шәкәрім оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас ақындар байқауының номинациясы бойынша II дәрежелі дипломға ие болды. Жас талапкер ақынға қаламы ұшталып, жеңістің тұғырынан көріне білуіне тілетеспіз. 26 ақпан күні №2 мектеп-гимназиясында Ғафу Қайырбековтің шығармашылығына арналған қалалық жас ақындар мүшайрасында 9 «Ә» сынып оқушысы Әбдіғани Алихан «Айдыны кең арқалы ақын» тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында үздік өнер көрсетіп, II дәрежелі дипломға ие болды. Ақпан айының 19-ы күні аудандық Төлеген Айбергенов оқуларында 8 «Ә» сынып оқушысы Абдулла Уалихан «Жүрекке айтылған өлеңдер» тақырыбында ақынның өлеңдерің жатқа оқу номинациясы бойынша грамотаға ие болды. Оқушыны дайындап бәйгеге қосқан жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нуркина Ақжан Марденқызының еңбегін де мақтаныш сезіммен атап кетуге болады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"