Мектеп мақтаныштары, биылғы «Шаттық 2015» Дельфийлік ойындарының алтын және күміс медаль иегерлері өз өнерлерін көрсетті. Терең мағынаға толы «Қазақ биін» көрсеткен «Батыр Баян» би-ансамблі өз өнерлерін паш етсе, жас бүлдіршіндер жүрекжарды лебіздерін білдіріп, арнау өлеңдерін тарту етті. Мектеп түлектері өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ашық әрі қызықты әңгіме өрбіді.
Биылғы жылдың қазақ даласы үшін айтулы әрі меркеге толы жыл екендігі атала келіп, мектебіміздің түлегі Құралбек Мерей «Қазақ хандығы» атты өзінің арнау өлеңін оқып, барша көрермендерді бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар, Сабыр Батырхан ұлттық нақышта ән шашуларын тарту етті. Мектебіміздің ең кішкентай талантты әншісі, бірнеше сайыстардың жүлдегері Жанай –Керімнің ән шашуы мерекені нұрландыра түсті.
Кездесу кешіміздің қонағы Оразгүл АСАНҒАЗЫқызы мектеп түлектері мен ұстаздарға жақсы лебіздері мен ыстық ықыласын білдірді. Бітіруші 10-11 сыныптың түлектері де кездесу кешінен жақсы әсермен шықты.
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"