№ |
Астана-есірткісіз қалаатты іс-шараның атауы |
Өтілуі жайлы мәлімет |
Өтілу мерзімі |
Қатысу шылар саны |
«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша тәрбие сағаттары 5-11 сыптар |
«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша өткізілген тәрбие сағаттарының берілуі 5, 6, 7, 8, 9-сыныптар бойынша қараша айында тексерілді. Мақсаты:оқушыларды зиянды заттардан әдеттерден қорғау, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Қыркүйек, қазан айларында «Астана - есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша әртүрлі тақырыпта сынып сағаттары, тәрбие сағаттары байқаулар ұйымдастырылды.5 «ә» сыныбының сынып жетекшісі Қожахметова Бибісара «Денсаулық зор байлық»тақырыбында өткен тәрбие сағатында денсаулық жайлы айтылып, әртүрлі инфекциялық аурулардан сақтану шараларын, денсаулыққа байланысты жұмбақ, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді. Оқушылар өздерінің интернеттен алған мәліметтерін оқыды, ата-аналарда өздерінің зиянды заттар туралы пікірлерімен бөлісті.8 сыныптарында «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатына ата-аналар, басқа да сынып жетекшілер қатысты. Бүгінгі күннің негізгі, өзекті мәселелері туралы қозғалды. Оқушылар темекінің, алкогольдің, нашақорлықтың зияны туралы мәліметтер айтылып, нашақорлыққа байланысты оқушылардың қойылымы қойылды. Ата-аналар да өздерінің зиянды заттар туралы пікірлерімен бөлісті. Оқушылар шығармашылығы бойынша жұмыстары ерекшеленді. Сынып сағатының соңында шаттық шеңбері арқылы бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.7 «д»сыныбындағы тәрбие сағатының тақырыбы «Зиянды заттар зардабы». Оқушылар өздері дайындаған мәліметтерді айтып ортаға салды. Өз пікірлерін айтты. 9 сыныптар бойынша «Нашаға қарсы күрес-Еліңе қосқан үлес» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты есірткі түрлерімен, нашақорлық жайлы, есірткінің зины туралы айтылып, олардан алдын алу болды. Конференция түрінде өтті.Бейнефильмдер көрсетілді.10-11 сыныптар бойынша «Біз жарқын өмірді таңдаймыз» тақырыбында іс-шаралар өтті. Шаралар мақсаты нашақорлықтың, темекінің,алкоголдің алдын алу, оқушылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушылар осы тақырыпта көптеген деректер келтірді. Шығу тарихынан бастап, елдерде таралуы, Астанада нашақорлықтың кең етек алуы туралы айтылды. Соңынан оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы айтылып қорытындыланды.Мектеп бойынша есірткіге қарсы «Ерікті kz» сурет байқауы өткізіліп жеңімпаздар қалалық сайысқа жіберілді«Адалдық – адамдық белгісі, салауаттық негізі» атты қалалық суреттер байқауына мектеп оқушылары қатысып мақтау қағазымен марапатталды.«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша өткізілген тәрбие сағаттарының берілуі 1-4 сыныптар бойынша ақпан айында тексеріледі.
|
Кыркүйек қазан қараша |
5-7 сыныптар 8-11 сыныптар (750 бала) |
|
«Жастар және темекі» атты емхана мамандарымен кездесу |
«Жастар және темекі» атты емхана мамандарымен кездесу, тренинг өтті. №7 қалалық емхана «Шаңырық» Жастар Денсаулық Орталығы мамандары жоғары сынып оқушыларына « Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында тренингтер өткізді.
|
Желоқсан |
8-10 сыныптар |
|
«Нашақорлық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстел |
10 сыныптар арасында қаңтар айында «Нашақорлық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана - сезімдерін дамыта түсу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы дайындалған диск.Дөңгелек үстелге мектеп психологы Ермек Ардақ және медбике Исабекова Гүлбайра қатысты.
|
Қаңтар |
10 сынптар 132бала |
|
«Астана-есірткісіз қала» атты іс-шараның жоспары бойынша оқушыларға «Жасөспірімдер арасында нашақорлықты алдын алу» атты семинар-дәріс |
Іс-шараның басты мақсаты: «Жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру». оқушыларға нашақорлық туралы және оның пайда болу себептері туралы толықтай мәлімет берілді. Семинарда бейне таспа арқылы көріністер көрсетілді. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың пайдалану көрсеткіші жылдан жылға өсіп барады. Соның арасында кәмелеттік жасқа толмаған жастар да бар. Наркотикалық заттардың адам ағзасына қаншалықты зиян екені айтылды. оқушылар белсенділік танытып толықтай қатысты.
|
Ақпан |
10-11 сыныптар (250 бала) |
|
«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша тәрбие сағаттары 1-4 сыптар |
«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша өткізілген тәрбие сағаттарының берілуі 1-4 сыныптар бойынша ақпан айында тексерілді. Мақсаты:оқушыларды зиянды заттардан әдеттерден қорғау, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Қыркүйек, қазан айларында «Астана - есірткісіз қала» бағдарламасы бойынша әртүрлі тақырыпта сынып сағаттары, тәрбие сағаттары байқаулар ұйымдастырылды. 4- сыныптарда «Денсаулық зор байлық» тақырыбында өткен тәрбие сағатында денсаулық жайлы айтылып, әртүрлі инфекциялық аурулардан сақтану шараларын, денсаулыққа байланысты жұмбақ ,мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді. Оқушылар өздерінің интернеттен алған мәліметтерін оқыды, ата-аналарда өздерінің зиянды заттар туралы пікірлерімен бөлісті. 2-3 сыныптар бойынша «Біз жарқын өмірді таңдаймыз» тақырыбында іс-шаралар өтті. Шаралар мақсаты нашақорлықтың, темекінің,алкоголдің алдын алу, оқушылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушылар осы тақырыпта көптеген деректер келтірді.Шығу тарихынан бастап, елдерде таралуы, Астанада нашақорлықтың кең етек алуы туралы айтылды. Соңынан оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы айтылып қорытындыланды. «Адалдық – адамдық белгісі, салауаттық негізі» атты қалалық суреттер байқауына мектеп оқушылары қатысып мақтау қағазымен марапатталды. 5-сыныптар бойынша тәрбие сағаттары "Асханадағы мәдениет" тақырыбында өтті. Оқушыларды асханада өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйрету және дұрыс тамақтануға тәрбиелеу болды. Оқушыларға асханадағы тамақтану кезіндегі әр оқушының өзін-өзі ұстау мәдениеті және тамақтану тәртібі туралы айтылды. Тамақ алдында және тамақтан соң қол жуу, тамақтану кезінде сөйлемеу , түзу отыру , тұрып тамақтанбау, сырт киіммен асханаға кірмеу , ас ішкен соң ыдысты ыдыс жуатын орынға апару сияқты тәртіпті орындау, асқа жасалған құрмет екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар тамақтану режимі, тамақты сіңіру, асты құрметтеу ең бірінші денсаулық кепілі болып табылатыны айтылды. Сыныптар бойынша тәрбие сағаттары «Салауатты тамақтанудың 10 ережесі», «Тағамдық факторлармен байланысты жұқпалы аурулар», «Біздің ағзамыздағы дәрумендер мен микроэлементтердің рөлі» тақырыбында өтті. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға , жаман әдеттерден сақтануға денсаулыққа ерекше көңіл бөлу, дұрыс тамақтануға үйрету мақсатында өткізілді. Оқушылар арасында салапуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп көлемінде өткізілген іс шараларға мектеп оқушылары қатысып жүлделі орындар алып отыр. «Салауаттық негізі – денсаулық кепілі» атты шығармалар байқауынан 7 сынып оқушысы Иманғазы Наркес І орынға ие болды. Жетекшісі Жемісгүл Құрмашқызы. «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты кростан мектеп оқушыларының командасы қыздар ІІІ орын, ұлдар ІІІ алды.Қазіргі кездегі көтеріліп отырған «кәмелетке толмаған балалардың психологиялық денсаулығын сақтау» бойынша тәрбие жұмыстарымен бірлескен көптеген іс- шаралар оқушылармен, ұстаздармен және ата- аналармен жүргізіліп отыр. Мектеп психологтары оқушылармен тығыз байланыс жасап, оқушылардың әлеуметтік- психологиялық жағдайы, сыныптағы психологиялық ахуалдары, кездесіп жатқан түрлі кедергілер жайлы сауалнамалар алып, бағыт беруге тренингтер жүргізіліп отыр. Жоспар бойынша тестер алынып, нәтижесі, қорытындыларын шығарып, ұсыныстар берген. |
Ақпан |
1-4 сыныптар (910 бала) |
Мектеп директоры: Дүйсенова К.С.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"