Астана қаласы № 55 орта мектепте 7-8 сынып аралығында 8 наурыз мерекесі қарсаңына орай «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны байқауы өткізілді. Сайыс бағдарламасы ұлттық салт дәстүріне байланысты болды.
Қыздарымыз өнерлі, талантты дарындарымен көзге түсе білді. Әр жүрген жүрісі мен киген киімдері нағыз қазақ қыздарына тән екені көрініп тұр. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 7 «Ә» сынып оқушысы Дастенова Рәзия иеленді. 2-орын 8 «А» сынып оқушысы Ахметова Аяужан болса 3-орынды 7 «Б» сынып оқушысы Ерболатқызы Эльзираға бұйырды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"