№24 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ-нің
09-14.03.2015 аралығында
өткізген апталықтың
ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
Оқу жылының басында қыркүйек айында құрылған мектепішілік жоспар бойынша қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы наурыз айының 09-14 аралығында өткізілді.
10 наурызда мектепішілік саптүзеуде апталықтың салтанатты түрде ашылуы болды.Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, «Жаса, тілім» әні орындалды. 7-сынып оқушылары «Қамажай» биін флешмоб түрінде көрсетті. Заманауи би үлгісі қазақи нақышта көрсетілгені оқушыларға ұнады.
Апталықтың алғашқы іс-шарасын жас маман Тұрабекова Дидар « Қазақ тілі- айбыным» тақырыбындағы тәрбие сағатымен бастады. Іс-шара мектеп акт залында өтті. Іс-шараны мұғалім 6-сынып оқушыларымен ұйымдастырған.Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңыздылығын үйрету. Мұғалім бұл мақсатқа толық жетті. Іс-шара концерттік номерлерге өте бай екен. Көрермендер қазақ тілі мен әдебиеті апталығы екенін сезінді. Мерекелік іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Сагитова З.К, Нұрышева А.Қ,Сергазина Г.Е қатысты. 6-сыныптың сынып жетекшілері Арғынбаев Ғ.Ж, Бекен Омар, ӘБ жетекшісі Жаңабек Д.Ә қатысты.
11 наурызда Жаңабек Д.Ә ұйымдастырған мектепішілік «Фариза оқулары» өтті. Мақсаты: ақынның лирикалық өлеңдері арқылы болашақ ұрпақты елжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу. «Мың бала» жобасының «Сөз зергері» бағыты бойынша жұмыс істейтін оқушылардың мәнерлеп оқуын бақылау.Мәнерлеп оқу сайысына 22 оқушы қатысты. Арнайы әуенмен оқылған үзінділер әсерлі шықты.Оқушыларды ынталандыру үшін үш 3-орын берілді. III орын Жүсіп Аяулым, Сәндібек Азиза,Өмірәлі Анель. II орын Маккаби Фариза, Тыныштықбай Абдулазиз. I орын Алдияр Баян атты оқушыларға берілді. Мәнерлеп оқу сайысы «Мың бала» жобасының «Сөз зергері» бағыты аясында ұйымдастырылды. Әділ қазылар алқасының төрайымы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрышева Алия Қадырбайқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының көмекшісі Молдаханова Анар болды. «Мың бала» жобасының жетекшісі Тамабаева Жанна Болысбековна және мектептің әлеуметтік педагогы Қарабаева Алия Төлеубаевна болды.
12 наурыз сәрсенбі күні 4- сабақ 5 «А» сыныбына әдебиет сабағынан Жаңабек Дана Әкімжанқызы «Сабалақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 4 мұғалім қатысты. III деңгейлік курстан өтіп келген мұғалім, сабақ жоспарын сол негізде жазды. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақ жоспарына 7 модульдің 4-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Топпен бағалау» түрі алынды. Уақыттың тым тапшылығына байланысты мұғалім жоспарлаған соңғы тапсырмасын беріп үлгермеді және сергіту сәтіне де уақыт жетпей қалды. Мұғалімдер ұсыныс ретінде 5-сыныпқа тапсырмалары тым көп, күрделі жоспар құрмау керектігін айтты. Сыныптағы оқушылардың деңгейін де қарастыру керектігін айтып өтті. Жалпы сабақ қызықты өтті. Сабалақ образын ашу мақсатында тарихтан Абылай хан туралы мәліметтер көп берілді. «Көшпенділер» фильмінен үзінді де көрсетілді.
Тәжірибелі ұстаз Есетова О.Ф 9 «А» сыныбымен «Ана- өмірдің шуағы» тақырыбындағы тәрбие сағатын жуырда ғана өткен 8 наурыз Аналар мейрамымен сабақтастырып өтті. Тәрбие сағаты 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Ана туралы өлең, жырлар оқылды, керемет әндер айтылды. Екінші бөлімінде сөз жарыстырып дебатпен жалғастырды. Ортаға «Билікке әйелдердің араласуы дұрыс па?» деген сұрақты салып, сынып оқушылары екі топқа бөлініп, бірі даттап, екіншісі жақтап жатты. Мұрат Әйгерім, Сейіткаримова Айшанұр есімді оқушылардың өз ойын түсінікті етіп статистикаға сүйеніп жеткізетіндігі байқалды.
13 наурыз күні 1-сабақта 8 «Б» сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен Есетова О.Ф Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагитова З.К қатысты. Сабақты «Атамекен» әнімен бастап тақырыппен байланыстырды. Оқушылар сабақ барысында өздеріне сыни көзқараспен қарап, өздерінің іс әрекеттерін бағалады. Тақырып екі сағатқа берілген. Пысықтау сабағы болғандықтан оқушылар шығарманың мазмұнымен таныс. Үй тапсырмасы сұрақ –жауап түрінде тексерілді. Мағынаны тану кезеңінде оқушыларды 3 топқа бөліп, әңгіменің құрылысына қарай талдады.
13 наурызда 5 «Г» сыныбына жас маман Тұрабекова Д.Д қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: М.Мақатаев «Фантазия» өлеңі. Сабаққа Есетова О.Ф және Тамабаева Ж.Б қатысты. Сабақ алдымен «Фантазия» сөзінің қыры мен сырына тоқталудан басталды. М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы жайлы хронологиялық кесте тұрды. Сол кесте бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін тексерді.Сабақты «Бес жолды өлең» стратегиясымен бекітті. Мұғалімге ұсыныс: пәнге байланысты білім көтеру курстарына бару.
Ұсыныстар:
ӘБ жетекшісі: Д.Ә Жаңабек
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"