Меню KDT

Новости

Главная Новости

Балуан Шолақтың 150 жылдығына орай

Елбасы халыққа арналған Жолдауында көрсетілген жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлт тарихы үлкен роль атқаратынын атап айтты.

     Қазақ халқының арғы-бергі болмысындағы ең жарқын тұлғалардың бірі, атының өзі-ақ  жасығанды жігерлендіретін, тасығанды тәубесіне келтіретін  қаһарман серісі Балуан Шолақ атамыздың мына дүниеге келгеніне 150 жыл. Сан қырының біреуде кездескенімен, өзгесі табылмайтын нағыз бір туа тұлға!

     Даңқты балуан, әнші, ақын, халық композиторы Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған колледж іргесінде жасөспірімдердің патриоттық рухын тәрбиелеуді мақсат етіп, әр курс студентері арасында ашық спорттық ісшара өткізілді.

     Ісшараны жүргізушілер Балуан Шолақтың өмірбаянынан қасқаша мәліметті, өз заманында қазақ ән өнерінің тамаша орындаушысы, насихатшысы бола жүріп, өзі де ән шығарған композитор балуандық өнерін өркендетуге үлкен үлес қосқандығын толық айтып берді.

     Іс-шара «Көңілді сайыстар» эстафетасымен жалғастырылды. Оны 1 курс 3,4 топ тәрбиешелері  Г.Нұралина , Е.Бахтияров, 2 курс 2 топ тәрбиешілері А.Шанбай, А.Наурызбаева,  2 курс 7 топ тәрбиешісі Т.Зайсанбаевтың ұйымдастырылуымен өткізілді.

     Осы ісшараның өтуі барысында колледж әдіскері А.Сатыбалдина, директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Құсайынов, тәрбиеші А.Наурызбаева әділ қазылар қатарында отырып, әділ бағасын берді. Студенттер  аянбай Балуан Шолақ бабамыздың рухымен «Алдарыспақ», «Арқан тарту» сияқты сайыстарда күш жігерлерін танытты. Топ аралық сайыс соңында әділ қазылар әділ шешім шығарып ең күшті, ең жылдам, ең үздік топты атап өтіп, барлық қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     Осындай тәрбиелік мәні бар жасөспірімдерге арналған ұлттық патриотизмді насихаттайтын ашық спорттық ісшаралар көптеп өткізілсе, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеу барысында алатын орны ерекше.                КТК тәрбиешілері: Нұралина Г.М., Шанбай А.Д.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"