Меню KDT

Новости

Главная Новости

Баласы кітап оқитын ел – бақытты ел

Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта  кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» - деген. Мектебіміз осы бағытта игі істерді атқарып отыр. Ұстаз, халықаралық дәрежедегі әдіскер Момынқұлова Алтынның «Отбасылық сауаттылық оқу клубы» жобасы бойынша «Кітап оқитын адам – табысты адам» онкүндігі өтті.

        Онкүндік аясында өткізілген әрбір іс-шара оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттырды. Мектеп бойынша "Оқу күні» өткізілді. Оқушылар, мүмкіндігі болған ата-аналар, ұстаздар қатысқан оқырман клубтары дәрістері баршаға ой салды. Бастауыш сыныптарда өткен «Сүйікті кітабымды илюстрациялаймын» байқауы сәтті өтті. «Мен Сізге бұл кітапты оқуға кеңес беремін!» атты эссе байқауы, «Оқырман күнделігі», «Үздік оқырман отбасы», «Үздік оқырман портфолиосы» байқаулары өз мәресіне жетті. «Отбасылық оқырман клубы» кабинетіне кітап жинау мақсатында «Бір оқушы – бір кітап» акциясын өткіздік. Демеуші ата-аналар, ұстаздар, бірлесе отырып, «Оқырман клубының» кітап қорын жинақтады.

Еліміздің болашақ ұрпағы үшін жасалған істерге атсалысқан оқушылар, ата-аналар, ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"