Астана қаласының Білім басқармасының ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында Ұлттық Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша “Шаттық” қалалық байқауы өткізілді.
Жастарды толеранттық рухта тәрбиелеу,дарынды балаларды қолдау,халықтар достығын нығайту,ұлттық салт-дәстүрді дамыту және сақтау мақсатында өткізілген бұл байқауға мектеп оқушылары әртүрлі жанрдағы номинациялар бойынша қатысты.
“Шаттық-2014” қалалық байқауында 4 алтын медаль, 1 қола медаль алған шығармашылық ұжым биылғы жылы да табысты болды
Оқушыларымызды әділ бағалап,лайықты дәрежелерін белгілеген әділ-қазыларымыздың ішінде білім және мәдениет саласының жетекші мамандары , еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері болды.
“Алтын” медаль иелері вокал жанры бойынша ансамбль мүшелері “Еркеледің сен” әнімен,жетекшісі Қ.Р Еңбегі сіңген қайраткер Жұмашев А.Ж. Қазіргі заман биі “Жесірлер” хореографиялық суреттеме,”Бесік басында”лирикалық композиция жетекшісі мәдениет қайраткері Рахат Т Т.Ахтанов “Жоғалған дос”драмасы, жетекшісі Қ.Р. Еңбегі сіңген қайраткер Ибраев Б.Қ. Бұл драманын ең жас мүшесі 5 ‘ә’ сынып оқушысы, жас талант Құдайберген Қасиетәлиді әділ қазылар жоғары бағалап, қалалық марапатқа ұсынды.
Байқауға қатысқан барлық оқушының таланты мен өнеріне әкімшілік ,мектеп ұжымы, оқушылар бас иіп мақтан етеді. Бұл байқауға оқушыларымыз белсенділікпен қатысып, дарындылық пен таланттарын паш етті.
Әр оқушының бойынан Отан тарихына деген жауапкершілік сезімі, халқымыздың мәдениетіне, дәстүрлеріне деген құрметі мен адалдығы байқалды. “Бейнелеу өнері” жанрында қола медальды 10 ”Ә” сынып оқушысы Қайранбай Айгерім (жетекшісі Темірқұлова С.Қ) алды. Дәстүрлі әнмен 10 ”б”сынып оқушысы Әбдуәли Рауан дипломант атанса, Нұралы Қалима. 6 "а", Закиров Сабыржан 5 "е" , Ниханова Анель 10 "б" оқушылары да өз шығармашылықтарын байқатты.
Осындай тереңнен тамыр тартқан сан ғасырлық ұлттық рухты, патриоттық тәрбиені дәріптейтін мәдени іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"