Туристік ресмилік
Туризм декадасының аясында 2015 жылдың 19 ақпанында «Туризмді ұйымдастыру» мамандығы бойынша ТАқ-2 тобында «Туристік ресмилік» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты арнайы пәндер оқытушысы Жумабаева Г.Т. өткізді. Сабақ барысында әр бір туристік агент білуге міндетті туристік формалдылықтар қарастырылды. Туристік агент төлқұжат, виза, кедендік және валюталық бақылаулар және де медициналық сақтандыру құжаттарын сауатты толтыра білу қажет екені жайлы презентация көрсетілді. Білім алушылар «Қытай», «Біріккен Араб Әмірлігі», «Вьетнам» болып үш топқа бөлінді.
Студенттер «Әлемнің жеті кереметі» атты видеоны тамашалады. Әлемнің керемет жерлері туралы ойларымен бөлісті. Сабақтың соңында бөлінген топ атауларына байланысты тапсырма орындады. Ол тапсырма бойынша тандаған елдері жайлы толық мағлұмат беріп, сол елге бару үшін толтырылатын құжаттармен таныстырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии