2015 жыл - Қазақстан халықтары Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысу, оқып білу мақсатында 2015 жылдың 21 ақпанында № 6 гимназияның 4 г сыныбында сынып жетекшісі: Соловьева Л.Ю. «Ишь ты, масленица» тақырыбына сынып сағатын өткізді. "Масленицаны" атап өту дәстүрінің тамыры тереңнен басталады. Масленица аталуының себебі осы уақытта, соңғы аптада, Ұлы христиан мейрамының алдында тағамға сары май, сүт өнімдерін және балықты тұтынуға рұқсат етілген. Ертеректе бұл аптада әдемі киініп, құймақ пісіріп, бір-біріне қонаққа баратын болған. Мысалы, бейсенбі күндері енесінің құймағына барған, ал сенбі күндері "қайын сіңлілер, қайын апалар отырыстары" болған. Ата-аналар бұл мерекеге қуанышпен келген, олар неліктен Масленица олардың ұнататын мейрамдары екенін айтатын болған. Масленица, ең алдымен бірігу мерекесі. Ертедегі Ресейде текке құймақты алмаған, себебі ол күн шуағын шашып тұрған сияқты бейнеге ие. Бұл біз қыстан аман-есен өтіп, көктемгі жаңару мейрамы. Адамдар жиналып, көңіл көтере бастайды, олар қыстың бейнесін жасап отқа жаққан. Кешірілген жексенбі деп аталауы бекер емес қой. Ол бізді рухани және физикалық тұрғыдан тазартатын адамдардың ұлы тазаруын білдіреді. Бұл мерекеде адамдар бірін-бірі кешіреді, осыған дейінгі реніштері болса ұмытады. Ұлтымызға қарамай бәріміз осы мерекені атап өтеміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"