16-21 ақпан аралығындағы ағылшын тілі пәні апталығы
16-21 ақпан аралығында ағылшын тілі апталығы өтті. Дүйсенбі яғни 16 қаңтар күні апталықашылды . 5-7 және 8-11 сыныптар аралығында оқушыларға апталық жоспары таныстырылып оқушылар шағын көрініс көрсетіп , 5- сыныптар би биледі. Мектептің кіре беріс холлы безендірілді.Апталықтың жоспары хабарландыру тақтасына ілінді.Әрбір сыныпқа ағылшын тілінде «We like English» тақырыбында қабырға газеті шығару керектігі жарияланды,бірақ өкінішке орай кейбір сыныптар апталыққа қатысқан жоқ. Қабырға газетін төмендегі сыныптар ғана шығарды. 8- б,9-а,8-в 6-ғ,5-в, ,5-а .Қабырға газеттерінің әдемілігі, мазмұндылығы ескеріліп орындар берілді.Ағылшын пән мұғалімдері барлығы 6 . 4 мұғалім орта және жоғары буында , 2-мұғалім бастауыш сыныпта сабақ береді. Ағылшын тілі ӘБ жетекшісі Бақыт Қабимолдақызы Мылтықбаева ашық сабақтарды ашып 17 ақпанда 10-а сыныбында « Kazakh beliefs» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты өтті .Оқушылар ағылшын тілінде қазақ халқының наным-сенімдерін ағылшын халқының наным- сенімдерімен салыстырып Венн диаграммасын жасап көрсетті. 18 ақпан күні Чолпанбаева Б.Т. 7 «ә» сыныбында «What should you do to keep fit?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 19 ақпан күні Урашева Ж.Б. 6 «а» сыныбында «Will people live in the moon?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Барлық ашық сабақтар интерактивті тақтада жаңа технологияларды қолданып өткізілді. Және де 19 ақпан күні 5-7 сынып аралығында ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен «We learn English» тақырыбында кітапханада сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 5 «а, ә,в» 6 «а, ә, ғ», 7 «ә» сыныптары ағылшын тілінде ертегі көрсетті. Ертегілер өте қызықты өтті. Қатысқан сыныптарға орындар берілді. І орынды 5 «а» сыныбы, ІІ орынды 5 «ә» сыныбы, ІІІ орынды 6 «ә» сыныбы алды. Өкінішке орай барлық сыныптар қатыспады. 21 ақпан күні ағылшын тілі пән мұғалімдері мен 8-11 сыныптарымен «This is amazing» атты кеш өткізді. Онда 8-11 сынып оқушылар аралығында ағылшын тілінде ән орындау сайысы өтті. Бұнда оқушылардың ағылшын тіліндегі произношениясы, сахна мәдениеті, киім үлгісі ескертілді.Қазылар алқасы сайланды. 10 сыныптан оқушылар қатысты. І орын 10 «ә» сынып оқушысы Шыныбекова Жадыра, ІІ орынды 11 «ә» сынып оқушысы Тлеулес Шапағат және 9 «ә» сынып оқушысы Жукенова Жансая, 9 «а» сынып оқушысы Тұрдыбекова Ұлжан иеленді. ІІІ орында 10 «а» , 8 «в», 10 «ә» сыныптары иеленді. Қатысқан 8 «б», 8 «а», 8 «ә» сынып оқушыларына батыл әнші, көрермен көзайымы, үздік биші номинациялары берілді. Кеш қызықты өтті. Апталықтың жабылуын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ермұханова А.Е. ағылшын тілінде әсем әнмен аяқтады.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии