2015 жылдың 21 ақпанында № 6 гимназияда дәстүрлі түрде «Экипаж» әскери-спорттық ойыны өтті. Биылғы оқу жылы бұл іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылар қатысты. Өздерінің командаларын қолдауға және жанкүйер ретінде қатысушылардың сынып жетекшілері мен сыныптастары келді. Оқушылар сапқа тұру маршы, автоматты жинау және ажырату, турникке тартылу, эстафета сияқты сайыстарға қатысты. «Экипаж -2015» ойынының жеңімпазы 11 в сыныбының командасы атанды, екінші орында 11 а сыныбы, ал үшінші орынға 10 а сыныбы ие болды. Балалар шеберліктерін және батырлықтарын танытты. Іс-шараның соңында осы сынып оқушылары шығармашылық өнерлерін көрсетті – соғыс жылдарының әндерін орындады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"