2014-2015 оқу жылының 2-сі мен 12 ақпан аралығында балабақшада мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарды танып біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, өзін-өзі тануы арқылы айнала қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту мақсатында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» аттыонкүндік іс-шаралар жоспары құрылды. Арнайы іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылуда. Ақпан айының үші күні тәрбиеші Ағыбаева Гүлшат Әліханқызы «Бәрі махаббаттан басталады» тақырыбында тәрбиешілерге арнап кеңес өткізді. Бәрі де махаббаттан басталады...
Махабатпен жаратқан адамзатты
Сенде сүй, ол Алланың жаннат тәтті
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және сүй хақ жолы деп әділетті, - деп өз сөзін Абай Құнанбаев атамыздың сөзімен бастады.
Ақпан айының 5-і күні Даярлық топ тәрбиешісі Оспанбекова Айнұр Пердебекқызы «Мен еңбекқор баламын» оқу іс-әрекетін өткізді. Оқу іс-әрекет мақсатында балалар еңбек туралы әңгіме тыңдап, мақал-мәтелдерді айтып, ерекше шығармашылық жұмыс жасады. Оқу іс-әрекет аяғында балалар жүректен жүрекке жылы лебіздерін білдіріп жанғанАқпан айының 6-сы күні музыка жетекшісі Кеңесова Айсұлу Егізбайқызының ұйымдастыруымен «Бақытты балдырған» тақырыбында әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды. Әдеби музыкалық кеш балалардың ұлттық музыкаға сүйіспеншілігі мен тұрақты қызығушылықтарына, ән айту мен билеудің шығармашылық элементтерін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әдеби кешке балалар белсенділікпен қатысты, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Ақпан айының тоғызыншы күні балабақша І ересек тобында тәрбиеші Ағыбаева Гүлшат Әлиханқызы «Қонақ-келсе қуаныш» тақырыбында оқу іс-әрекетін өткізді. Халқымыздың асыл қасиетті қонақжайлылық туралы балалардың пікірлерін дұрыс қалыптастыра отырып, қонақ күту дәстүрі, қонақасы туралы түсініктерін кеңейтіп, қонақ күту әдебіне бейімдеу арқылы қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиеледі.
Ақпан айының оны күні ІІ ересек тобының тәрбиешісі Әлшурина Ботагөз Серікқызы «Көмекшілер» атты оқу іс-әрекетін өткізді. Балалар «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат барысында адамдардың бір-біріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарап, шыншыл бала болу қажеттігін түсіндіріп, «көмектесу» туралы әңгіме жүргізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"