Меню KDT

Новости

Главная Новости

«ГҮЛЖАН – ҒҰМЫР, ГҮЛ - ҒҰМЫР»

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Халық әртісі, биші Гүлжан Талпақова мен қызы Айжан Боқаева жастармен кездесіп, шығармашылықтары туралы ой бөлісті.
Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев, ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, «Astana Ballet» мемлекеттік театрының атқарушы директоры Валерий Күзембаев, атақты балетмейстер Тоғжан Оспанқызы қатысып, өнер әлеміне өзіндік жол салған біртуар бишінің гүл ғұмыры туралы ой толғады.
Алматы эстрада-цирк өнері студиясының Ш.Жиенқұлованың халық биі класы бойынша бітірген Гүлжан Талпақованың бишілік ғұмыры «Қазақконцерттен» бастау алыпты. Бұдан кейін «Гүлдер» ансамблінде де шығармашылығын шыңдай түскен өнер иесі Мәскеудегі эстрада студиясында тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай, Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауретаты атанады.
Әлемнің 52 елінің киелі сахнасында «Құршақ биі», «Алмас қырғауыл», «Әлия», «Айжан қыз», «Қос алқа» сынды қазақ билерін билеп, өзбектің «Хорезм биі» мен бірқатар Азия халықтарының билерін өнер айдынына алып шығып, талай асуларды бағындырып үлгерген Гүлжан ханымның шынайы өмірдегі рөлін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былайша сипаттайды: «Кімдер не десе де, Гүлжан, сен әлем халықтарының билерін орындаушы ретінде біздің өнер тарихымызда алтын әріппен жазылған бет болып қаласың!».
«Айоко Бо» сән үйінің жетекшісі, тігінші-дизайнер Айжан Боқаева көптеген байқауларда үздік танылып, қазақстандық спортшыларға Ұлттық спорт киімдерін әзірлеп, жас модельер ретінде танылды. Айталық, Оңтүстік Кореяда өткен спорт сайысында Қазақстан құрамасының волейболшыларына киім үлгісін дайындаған Айжан бүгінде Атырау облысы «Жыл адамы» деп танылған.
Кездесуде жас сәнгер сүйікті жұмысындағы жетістіктерін, балалық арманын жастармен бөлісті.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"