Көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғау-әрбір адамның адамгершілік борышы. Мектебіміздегі оқушылар да, ата-аналар да бұл акцияға белсенділікпен қатысты. Әсіресе бастауыш сыныптар рақымды, мейірімді, жан жылуы мол ата-аналарының көмегімен үлкен қайырымды іс жасады.
Атап айтқанда, 1 «Ә» сыныбының ата-аналары мен оқушылары ерекше көзге түсті. Сынып жетекшісі: Жыға Ағыбайқызы, 1 «А» сыныбы үлкен қайырымдылық жасады, сынып жетекшісі: Мусабаева Салима. Сондай-ақ әкімшілік, тәрбие бөлімі бастауыш сыныптың барлық ұстаздарына іс-шараға белсене қатысып үлгі көрсеткендері үшін үлкен алғыс айтады.
Бұл іс-шараны ұйымдастырған 2 «А», 4 «Г» сынып жетекшісі: Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызы. Оқушылары өз өнерімен танылды.
«Жүректен мейірім, көңілден адал пейіл азаймасын!» деген ұранмен ұйымдастырған жәрмеңке өте жақсы болды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналар жәрмеңке өткізді. Қамқорлық жасау адам өміріндегі игі істердің бірі екенін жақсы түсініп, «Жас ұлан» жастар ұйымының мүшелері, өнерпаз оқушылар қарттар үйіне барып, тамаша концерт қойды, үлкен сыйлықтар жасады.
Жаныңның жабырқаған сәттерінде,
Жылуын жүрегіңнің сыйла бірге.
Шуағы қуаныштың баурап алар,
Жүзінде ризашылық көргеніңде,- деп ақын ағамыз жырлағандай әр қарт кісі оқушыларға алғыс айтып, өздерінің риясыз көңілдерін білдірді. Осындай игілікті, тағылымды іс-шара өз жалғасын таба берері сөзсіз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"