Меню KDT

Новости

Главная Новости

Шаттық жеңімпаздары

Мектебіміздің өнерлі жастары  Ұлттық Дельфийлік ойындары бағдарламасы  бойынша  қалалық  «Шаттық-2015» байқауына қатысып, 2 алтын, 1 күміс, 1 қоланы қанжығалап қайтты.

   Аспапты жанр бойынша мектебіміздің қалалық «Жас талап» байқауының І орын иегері, Ұлтық Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша VIII қалалық «Шаттық-2014» байқауының қола медалінің иегері, «Серпер» домбырашылар  ансамблі Сулейменова Мөлдір Айдынбекқызы жетекшілігімен Құрманғазының «Бұқтым-бұқтым», Динаның  «Науай» күйлерін орындап, І орынды (алтын медаль) иемденді. «Сепер» ансамблінің мүшелері:  Өкеш Манарбек , Ибрагим Мадина, Досхожина Асыл, Примбетова Жасмина , Ахметқалиева Зарина, Ибраев Мадияр.   Инструменталдық жанр бойынша Сералиева Қарлығаш Сталбекқызының жетекшілігімен Примбетова Жасмина  Айтқали Жайымовтың «Шаттанамын»  күйін орындап , өз өнерімен тамсандырып ІІ орынға (күміс медаль) ие болды.

                   

 «Шебер қалам» (авторлар) - поэзия жанры бойынша Жандыбаева Гулнар Жолдыбайқызының жетекшілігімен  9а сынып оқушысы Нұрғазина Жанар «Жеңіс жыры», «Түсінбеймін»  атты туындыларымен қазылар алқасын өзіндік жарқын талантымен және қазақ әдеби тілін білуімен баурап, І орынға (алтын медаль) ие болып, жеңімпаз атанды.

                                                           
Вокал жанры бойынша мектебімізді қадірлі ұстазы, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Мың бала» жобасы бойынша «Эстрадалық вокал» үйірмесінің жетекшісі Қарашаева Гүлмира Қуандыққызының  тәрбиеленушісі халықаралық жас вокалистер байқауының жеңімпазы Ақылбай Арнұр  Халық Ризабектің әніне, Толқын Ақановтың сөзіне жазылған  «Қазақ елі» әнін өз нақышында орындап ІІІ орынды (қола медаль) қанағат тұтты.    Вокал жанры бойынша  әнші оқушыларымыз  «Эстрада әні-ансамбль» номинациясы бойынша өнер көрсетіп белсене қатысқандары үшін арнайы дипломмен марапатталды.


              

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"