2015 жылдың 7 ақпанында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен дәстүрлі "Сүйкімді ару 2015" байқауының іріктеу турына №38 мектеп-лицейінен 8-10 жас аралығында 4 "А" сынып оқушысы Тұрған Әйкерім және 14-16 жас аралығында 7 "А" сынып оқушысы Темірғалиева Лаура қатысып байқаудың негізгі бөліміне қатысуға жолдама алды. Іріктеу барысында 75-тен аса сайысқа түскен аруларымыздың ішінен "ақылына көркі сай" деп танылған әділ-қазы алқасының шешімі бойынша 23 ару қыздар байқаудың келесі шарты төмендегі бөлімдер бойынша жүзеге асады.
1. Мен сүйкімді арумын! (Өзін-өзі таныстыру);
Байқаудың ең басты мақсаты жас талантты аруларымыздың бойындағы қасиеттерін одан әрі дамыта отырып, үлкен халықаралық фестивальдарға, жарнамаларға үлкен сән қойылымдарына дайындау болып табылады. Олай болса мектебіміздің намысын қорғап, "Сүйкімді ару 2015" титулына лайықты деп қатысып жатқан Әйкерім мен Лаура аруларымызға сәттілік тілеп, жеңістің биігінен көтеріліңіздер деген ниет білдіреміз.
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"